«Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы
Қызылорда облыстық мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 63 шешімі
Осы редакция 2024 жылғы 29 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса берілген «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда облыстық мәслихатының кезекті 12 сессиясының төрағасы | І. Тілеп |
| Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы | Б. Еламанов |
Қызылорда облыстық мәслихатының
2012 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 63 шешімімен бекітілген
«Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру
қағидалары
1. «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағы (бұдан әрі - атақ) Қызылорда облысының (Қызылорда қаласының, ауданның) әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-мәдени, қоғамдық өмірдің басқа да салаларының дамуына, қайырымдылық жасау қызметінде, азаматтарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуде, бейбітшілік пен достықты, ұлтаралық келісім мен татулықты нығайтуда қомақты үлес қосқан азаматтарға беріледі.
2. Атақ облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынысы бойынша облыстық (қалалық, аудандық) мәслихаттың шешімімен беріледі.
3. Атақ облыс (қала, аудан) аумағында тұрмайтын азаматтарға да берілуі мүмкін.