Төлем қабілеттілігін қалпына келтірудің үлгілік жоспарының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 221 бұйрығы
«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған төлем қабілеттілігін қалпына келтірудің үлгілік жоспарының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі | Е. Жамаубаев |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Қаржы
министрінің
2023 жылғы 28 ақпандағы
№ 221 бұйрығымен
бекітілген
Төлем қабілеттілігін қалпына келтірудің үлгілік жоспарының нысаны
_____________________
_____________________
(толтырылған күні)
(толтырылған жері)
1-бөлім. Борышкер туралы жалпы деректер
| Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-ЖСН) | Банк шоттарының нөмірлері, екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы, заңды мекенжайы | Іс жүзіндегі тұрғылықты жері | Тұрғылықты жері бойынша тіркелу | Байланыс деректері (ұялы, үй телефондарының нөмірлері) |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| | | | | |
2-бөлім. Борышкердің мүлкі туралы мәліметтер