Введите номер документа
Прайс-лист

«Республикалық терминология комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 18 наурыздағы № 116 бұйрығы (2025.27.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Информация о документе
Датапонедельник, 18 марта 2024
Статус
Действующийвведен в действие с 18 марта 2024
Дата последнего изменениясреда, 27 августа 2025

Республикалық терминология комиссиясы туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 18 наурыздағы № 116 бұйрығы

(2025.27.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 5-1) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 157) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда Республикалық терминология комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Комиссия туралы ереже бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің «Мемлекеттік терминология комиссиясын құру туралы» 2022 жылғы 19 қыркүйектегі № 48 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі міндетін атқарушының «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің «Мемлекеттік терминология комиссиясын құру туралы» 2022 жылғы 19 қыркүйектегі № 48 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2023 жылғы 3 мамырдағы № 194 бұйрығы жойылсын.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом