Мемлекеттік қызметшілердің есірткі, психотроптық заттар мен сол тектестерді тұтыну белгілерін анықтау рәсімдерін жүргізу және олардың нәтижесін ресімдеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 13 қарашадағы № 170 және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының м.а. 2026 жылғы 13 қарашадағы № 183-НҚ бірлескен бұйрығы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 74-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызметшілердің есірткі, психотроптық заттар мен сол тектестерді тұтыну белгілерін анықтау рәсімдерін жүргізу және олардың нәтижесін ресімдеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының міндетін атқарушы | Ә. Ахмедьяр |
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі | А. Альназарова |
Қазақстан Республикасының