2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы
Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 8С-17-1 шешімі
(2024.21.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 15 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2024.29.02. № 8С-22-1 шешімімен (2024 ж. 23 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.21.05. № 8С-25-4 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 3751394,7 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 1390262 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 9115 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 6178 мың теңге;
трансферттер түсімі - 2345839,7 мың теңге;
2) шығындар - 3919316 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 11468 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 27690 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 16222 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - (-179389,3) мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 179389,3мың теңге.
2. 2024 жылға арналған аудандық бюджетінде облыстық бюджеттен 613387 мың теңге сомасында субвенция қарастырылғаны ескерілсін.
3. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте ауыл, ауылдық округтердің бюджеттеріне аудандық бюджеттен берілетін субвенция көлемдері 354236 мың теңге сомасында қарастырылғаны ескерілсін, оның ішінде:
Белағаш ауылына 23640 мың теңге;
Беловод ауылдық округіне 25509 мың теңге;
Жақсы ауылына 51213 мың теңге;
Жаңа Қима ауылдық округіне 43349 мың теңге;
Запорожье ауылдық округіне 28546 мың теңге;