«Жетісу облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту және «Жетісу облысы мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы» Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы 16 мамырдағы № 153 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 336 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Жетісу облысы әкімдігінің 2026 жылғы 16 ақпандағы № 44 Қаулысы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жетісу облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту және «Жетісу облысы мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы» Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы 16 мамырдағы №153 қаулысына және «Жетісу облысы мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы» Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 336 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Жетісу облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте Ережені аумақтық әділет органында мемлекеттік қайта тіркеуді жүргізсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Жетісу облысы әкімдігінің
2026 жылғы 16 ақпандағы
№ 44 қаулысына қосымша
«Жетісу облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Жетісу облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Жетісу облысы аумағында туристік қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.