Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 5 Жарлығы (2025.04.07. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датасуббота, 26 ноября 2022
Статус
Действующийвведен в действие с 26 ноября 2022
Дата последнего измененияпятница, 4 июля 2025

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы

(2025.04.07. берілген өзгерістермен)

 

Осы Жарлыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Президентінің 2025 ж. 19 мамырдағы № 880 Жарлығын қараңыз (2028 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

 

«Қазақстан Республикасының Президентi туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 16-бабының 2) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы туралы ереже;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

         Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2022 жылғы 26 қараша

 

                № 5

 

Қазақстан Республикасы

Президентiнiң

2022 жылғы 26 қарашадағы

№ 5 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі - Жоғары аудиторлық палата) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом