«Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 637 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2015 жылғы 28 шілдедегі № 425 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 644, 645-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 637 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5463 болып тіркелген, 2009 жылғы 20 ақпанда № 27 (1450) «Заң газеті» жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген бұйрыққа 22-қосымша жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген бұйрыққа 24-қосымша жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада айқындалған тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны он күнтізбелік күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. | Р. Бекетаев |
Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрінің
2015 жылғы 28 шілдедегі
№ 425 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрінің
2008 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 637 бұйрығына 22-қосымша
Нысан
Тауар чегі