Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2016 жылға арналған жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1153 Қаулысы
(2016.21.10. берілген өзгерістермен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 31 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2016 жылға арналған жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмысын үйлестіру және осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жүктелсін.
3. Жоспарда көзделген заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар заң жобаларын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне Жоспарда белгіленген айдың 1-күнінен кешіктірмей және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспарда белгіленген айдың 20-күнінен кешіктірмей ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2016.04.05. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.31.08. № 516 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.21.10. № 598 Қаулысымен (бұр.ред.қара) жоспар өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1153 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2016 жылға арналған
жоспары
| Р/с № | Заң жобасының атауы | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Ұсыну мерзімі | Заң жобаларын сапалы әзірлеу және уақтылы енгізу үшін жауапты тұлға |
| Әділетмині | Үкімет | Парламент | |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 1 | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қорғанысмині | қаңтар | ақпан | сәуір | Т.С. Мұхтаров |
| 2 | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ҰЭМ | ақпан | ақпан | сәуір | А.Ә. Әріпханов |