Введите номер документа
Прайс-лист

«Жүйелі тіркеуді жүзеге асыру үшін халықты хабарландыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 246 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2018 жылғы 31 шілдедегі № 1191 бұйрығы

Информация о документе
Датавторник, 31 июля 2018
Статус
Действующийвведен в действие с 1 октября 2018
Дата последнего изменениявторник, 31 июля 2018

«Жүйелі тіркеуді жүзеге асыру үшін халықты хабарландыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 246 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2018 жылғы 31 шілдедегі № 1191 бұйрығы

 

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жүйелі тіркеуді жүзеге асыру үшін халықты хабарландыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 246 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4940 болып тіркелген, 2007 жыл, қыркүйек-қазан Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«Жүйелі тіркеуді жүзеге асыру үшін халықты хабарландыру қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«1. Қоса беріліп отырған Жүйелі тіркеуді жүзеге асыру үшін халықты хабарландыру қағидалар бекітілсін.».

Осы бұйрыққа сәйкес Жүйелі тіркеуді жүзеге асыру үшін халықты хабарландыру қағидаларын қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілінде көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом