Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 141-НҚ бұйрығы
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 35-15) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қауылысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлiгi туралы Ережесінің 15-тармағының 333) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы | К. Искаков |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы