Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 14 қарашадағы № 917 бұйрығы
Осы редакция 2024 жылғы 18 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 5) тармақшасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қорғаныс министрі | Н. Ермекбаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік күзет қызметі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2019 жылғы 14 қарашадағы
№ 917 бұйрығымен
бекітілген
Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтардың
тізбесі
1-тарау. Тыйым салынған аймақтар
1-кесте