Есіл ауданының елді мекендерінде салық салу объектіcінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы
Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 4 қарашадағы № А-11/208 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 600-бабының 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес Есіл ауданының елді мекендерінде салық салу объектіcінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері бекітілсін.
2. «Есіл ауданының елді мекендерінде салық салу объектіcінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» Есіл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № а-11/255 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8651-03 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Есіл ауданының әкімі | С. Балжанов |
Есіл ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 4 қарашадағы
№ А-11/208 қаулысына
1-қосымша
Есіл ауданының Есіл қаласында салық салу объектіcінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу
коэффициенттері
| № | Есіл ауданының Есіл қаласында салық салу объектісінің орналасуы | Аймаққа бөлу коэффициенттері |
| 1 | Жастар шағын ауданы | 1,95 |
| Батыс шағын ауданы | 1,95 |
| Тың игерушілер көшесі | 1,95 |
| Қайым Мұхамедханов көшесі | 1,95 |
| Баубек Бұлқышев көшесі | 1,95 |
| Хамит Ерғалиев көшесі | 1,95 |
| Шоқан Уәлиханов көшесі | 1,95 |
| Кәукен Кенжетаев көшесі | 1,95 |
| Оңтүстік көшесі | 1,95 |
| Чапаев көшесі | 1,95 |
| Жібек жолы көшесі | 1,95 |
| Ақжол көшесі | 1,95 |
| Алматы көшесі | 1,95 |
| Есіл көшесі | 1,95 |
| Еңбекшілер көшесі | 1,95 |
| Ыбырай Алтынсарин көшесі | 1,95 |
| Бейбітшілік шағын ауданы | 1,95 |
| Промзона көшесі | 1,95 |
| Шайдахмет Серғазин көшесі | 1,95 |
| Бірлік көшесі | 1,95 |
| Ақан сері көшесі | 1,95 |
| Өндіріс даңғылы | 1,95 |
| Мәншүк Мәметова көшесі | 1,95 |
| 432 км көшесі | 1,95 |
| 432 км көшесі, № 1, 2, 3, 4, 5 үйлер | 1,85 |