«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 1207 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 247 бұйрығы
«2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 13 сәуірдегі Заңына, сондай-ақ «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 1207 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Ағымдағы жағдайды талдау және тәуекелдерді басқару» деген 2 бөлім осы бұйрықтың 1-ші қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
«Саланы/аяны дамытудың басым бағыттары» деген 3 бөлім осы бұйрықтың 2-ші қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
«Стратегиялық және бюджеттік жоспарларымен өзара байланыс архитектурасы» деген 4 бөлім осы бұйрықтың 3-ші қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және нысаналы индикаторлар» деген 5 бөлім осы бұйрықтың 4-ші қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
«Ресурстар» деген 6 бөлім осы бұйрықтың 5-ші қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Стратегиялық жоспарлау департаменті осы бұйрықты қабылдағаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі | М. Бекетаев |