Жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және (немесе) тарату қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 24 шілдедегі № 221-НҚ бұйрығы
Осы редакция 2018 жылғы 16 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабы 2) тармақшасына, 14-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және (немесе) тарату қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және (немесе) бөлу бойынша қызметтер көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 13 қыркүйектегі № 266-НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3872 нөмірмен тіркелген).
2) «Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 5 ақпандағы № 30-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5557 нөмірмен тіркелген) Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 14-тармағының күші жойылды деп танылсын.