Дербес медициналық деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды денсаулық сақтау саласындағы басқа да дерекқорлармен байланыстыратын телекоммуникация желілеріне қосу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі - Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 111 бұйрығы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 7-бабының 86) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Министрі, бірінші вице-министрі және денсаулық сақтау вице-министрлері арасында міндеттерді бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 625 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес дербес медициналық деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды денсаулық сақтау саласындағы басқа да дерекқорлармен байланыстыратын телекоммуникация желілеріне қосу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті осы бұйрық қабылданған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі- Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері | Е. Қиясов |
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау вице-министрі -
Қазақстан Республикасы
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2021 жылғы 26 ақпандағы
№ 111 бұйрығына қосымша
Дербес медициналық деректерді қамтитын электрондық ақпараттық
ресурстарды денсаулық сақтау саласындағы басқа да
дерекқорлармен байланыстыратын телекоммуникация желілеріне қосу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер