Введите номер документа
Прайс-лист

«Жезқазғансирекмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 18 ақпандағы № 77 Қаулысы

Информация о документе
Датавторник, 18 февраля 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 18 февраля 2025
Дата последнего изменениявторник, 18 февраля 2025

«Жезқазғансирекмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 18 ақпандағы № 77 Қаулысы

 

«Мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жезқазғансирекмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Жезқазғансирекмет» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қоғам қызметінің негізгі нысанасы сирек, жерде сирек кездесетін, асыл (бағалы) металдар мен жартылай өткізгіш материалдар өндіру саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.

3. Қоғамның жарғылық капиталы қайта ұйымдастырылатын кәсіпорынның меншікті капиталы есебінен және республикалық бюджет қаражаты есебінен 1017219000 (бір миллиард он жеті миллион екі жүз он тоғыз мың) теңге мөлшерінде қалыптастырылсын.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) қоғамның жарғысын бекітуді;

2) мемлекеттік тіркеу үшін қоғамның атынан құжаттарға қол қоюға, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және басқару органдары құрылғанға дейін үшінші тараптардың алдында оны сайлауды;

3) қоғамды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында мемлекеттік тіркеуді;

4) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын беруді;

5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом