Введите номер документа
Прайс-лист

«Азаматтық қорғау органдарындағы конкурстық негізде орналасатын аға және жоғары басшы құрам лауазымдарының тізбесін, азаматтық қорғау органдарына қызметке алғаш рет кіретін адамдар үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № 413 бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 24 августа 2021
Статус
Утратил силу
утратил силу с 11 сентября 2022

Азаматтық қорғау органдарындағы конкурстық негізде орналасатын аға және жоғары басшы құрам лауазымдарының тізбесін, азаматтық қорғау органдарына қызметке алғаш рет кіретін адамдар үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № 413 бұйрығы

 

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2022 жылғы 18 тамыздағы № 33 бұйрығымен күші жойылды

 

«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 2-тармағына және «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 100-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес азаматтық қорғау органдарындағы конкурстық негізде орналасатын аға және жоғары басшы құрам лауазымдарының тізбесі;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес азаматтық қорғау органдарына қызметке алғаш рет кіретін адамдар үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаментіне (Ш.М. Әзірбаев) жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрі

 

Ю. Ильин

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом