Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАРУ-ЖАРАҚ ПЕН ӘСКЕРИ ТЕХНИКАНЫҢ АЙНАЛЫМЫ ҚАҒИДАЛАР...

Информация о документе
Датачетверг, 14 апреля 2022
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 14 апреля 2022

Қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 қарашадағы № 896 Қаулысы

(2022.14.04. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2024 жылғы 17 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

А. Мамин

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2019 жылғы 29 қарашадағы

 № 896 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы

 қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және қару-жарақ пен әскери техника, жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондары, сондай-ақ суық қару айналымының тәртібін айқындайды.

2. Қағидаларды іске асыру қару-жарақ пен әскери техниканың заңсыз айналымы мүмкіндігін болдырмау бойынша жағдайлар жасауға бағытталған.

Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом