Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында оқуды аяқтаған адамдарға конкурс өткізілместен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу мүмкіндігін беретін оқу нәтижелерінің мәндерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 11 ақпандағы № 38 бұйрығы
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 1 шілдедегі № 115 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында оқуды аяқтаған адамдарға конкурс өткізілместен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу мүмкіндігін беретін оқу нәтижелерінің мәндері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметке іріктеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Агенттіктің аумақтық органдары осы бұйрықта белгіленген тұлғалардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуына тұрақты түрде мониторинг және талдау жүргізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін Агенттік Төрағасының орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы | Д. Жазыкбаев |