«Абай облысының су қорғау аймақтары мен су объектілері белдеулерін белгілеу және оларды шаруашылықта пайдалану режимі туралы» Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 17 ақпандағы № 39 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Абай облысының әкімдігінің 2023 жылғы 18 тамыздағы № 146 Қаулысы
Абай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 6 қазандағы № 172 Қаулысымен күші жойылды
Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 17 ақпандағы № 39 «Абай облысының су қорғау аймақтары мен су объектілері белдеулерін белгілеу және оларды шаруашылықта пайдалану режимі туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 28-18 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1- қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Абай облысы әкімі | Н. Уранхаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
комитетінің Абай облысы бойынша
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
департаментінің басшысы
Н. Ноғайбаев
2023 жылғы «_____» _____________
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл
бассейндік инспекциясының басшысы
Р. Иманбет
2023 жылғы «_____» _____________
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясы басшысының міндетін атқарушы
Е. Мәдиев
2023 жылғы «_____» _____________
Абай облысы әкімдігі
2023 жылғы 18 тамыздағы
№ 146 қаулысына