Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 17 мамырдағы № 147 Қаулысы
Осы редакция 2024 жылғы 31 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» 50-1-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
2. Жамбыл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 86 «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5340 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткенсоң қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімі | М. Ескендиров |
Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы әкімдігінің
2023 жылдың 17 мамырдағы
№ 147 қаулысына қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары