Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 өкіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 8 қыркүйектегі № 436 Өкімі
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудын тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 53, 521-құжат; 2006 ж., № 11, 101-құжат; 2007 ж., № 9, 99-құжат; 2008 ж., № 47, 525-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкімге 3-қосымшада:
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденінің сипаттамасы осы өкімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
үшінші бөлімнің үшінші сөйлемінде:
«Күміс алқа» алқасының сипаттамасында «латуньнан жасалып, күміспен күптелген» деген сөздер «мельхиордан жасалады» деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2010 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 436 өкіміне
ҚОСЫМША
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті -
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» ордені
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» ордені жұлдыздан және иыққа асылатын лентадағы орден белгісінен тұрады.
Орден жұлдызы оюланған он алты ұшты жұлдызды болып келеді, оның беті сипатталған диаметрі 75 мм. сатылы таралған сәулелер түрінде орындалған.