Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2025 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 477 бұйрығына
2-қосымша
«Макарон өнімдерін өндіру» кәсіптік стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
Кәсіптік стандарттың қолдану аясы: «Макарон өнімдерін өндіру» кәсіптік стандарты «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген және макарон өнімдерін, оның ішінде оларды дайындау, қаптау, сақтау және сапасын бақылау бағыттарында өндірумен айналысатын жұмыскерлердің еңбегін және кәсіптік қызметін ұйымдастырусаласында қолданылады. Бұл стандарт жұмыскерлердің біліктілігіне, олардың міндеттері мен құқықтарына қойылатын талаптарды регламенттейді, сондай-ақ өндірістің барлық кезеңдерінде кәсіби міндеттерді тиімді орындау үшін мамандарда болуы тиіс қажетті білімді, дағдыны және машықты сипаттайды. Макаронды өндіру сапасы мен тиімділігін жақсартуға, сондай-ақ сала жұмыскерлерінің кәсіби деңгейін көтеруге бағытталған, бұл осы саладағы өндірістік кәсіпорындардың дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.
2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) Бастун - ұзын макарон өнімдерін кептіруге арналған құрылғы;
2) Білім - кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат;
3) Дағды - кәсіптік міндетті толық орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті;
4) Жұмсақ илеу - ылғалдылығы 32%-дан асатын макарон қамырын илеу;
5) Кәсіптік біліктілік - кәсіп бойынша еңбек функцияларын орындау үшін талап етілетін құзыреттерді меңгеруді сипаттайтын кәсіптік даярлық дәрежесі;
6) Кәсіптік стандарт - формалды және (немесе) формалды емес, және (немесе) информалды білім беру ескеріле отырып, білімге, машыққа, дағдыға, жұмыс тәжірибесіне, біліктілік деңгейі мен құзыреттілікке, кәсіптік қызметтің нақты бір саласындағы еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін жазбаша ресми құжат;