«Қантты кондитерлік өнімдер мен какао ұнтағын өндіру», «Макарон өнімдерін өндіру», «Бөтелкедегі ауыз суды өндіру», «Өлшеп оралған шәй өндіру», «Сусындар өндіру», «Ашытқы өндіру», «Нан-тоқаш және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіру», «Өндірілген тамақ өнімдерін өткізу менеджменті», «Қоғамдық тамақ өнімдерін өндіру», «Дайындалған тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттарды өндіру» кәсіптік стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 477 бұйрығы
«Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мынадай кәсіптік стандарттар бекітілсін:
1) 1-қосымшаға сәйкес «Қантты кондитерлік өнімдер мен какао ұнтағын өндіру»;
2) 2-қосымшаға сәйкес «Макарон өнімдерін өндіру»;
3) 3-қосымшаға сәйкес «Бөтелкедегі ауыз суды өндіру»;
4) 4-қосымшаға сәйкес «Өлшеп оралған шәй өндіру»;
5) 5-қосымшаға сәйкес «Сусындар өндіру»;
6) 6-қосымшаға сәйкес «Ашытқы өндіру»;
7) 7-қосымшаға сәйкес «Нан-тоқаш және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіру»;
8) 8-қосымшаға сәйкес «Өндірілген тамақ өнімдерін өткізу менеджменті»;
9) 9-қосымшаға сәйкес «Қоғамдық тамақ өнімдерін өндіру»;