Введите номер документа
Прайс-лист

«Сусындар өндіру» кәсіптік стандарты (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 477 бұйрығына 5-қосымша)

Информация о документе
Датапятница, 19 декабря 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 24 декабря 2025
Дата последнего измененияпятница, 19 декабря 2025

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2025 жылғы 19 желтоқсандағы

 № 477 бұйрығына

5-қосымша

 

 

«Сусындар өндіру» кәсіптік стандарты


1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Кәсіптік стандарттың қолдану аясы: «Сусындар өндіру» кәсіптік стандарты сусындар өндірісімен айналысатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды белгілейді. Бұл стандарт сусындарды әзірлеу, өндіру, қаптау, сақтау және өткізу жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдар мен кәсіпорындарда қолданылады, тағам өнеркәсібі ұйымдарында кеңінен пайдаланылады, сондай-ақ сусындарды тарату және сату қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда қолданылады.

2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) Білім - кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат;

2) Дағды - кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті;

3) Дезинфекция - химиялық заттарды қолдана отырып, патогендік микрофлораны жою мақсатында жүргізілетін іс-шаралар;

4) Кәсіптік біліктілік - кәсіп бойынша еңбек функцияларын орындау үшін талап етілетін құзыреттерді меңгеруді сипаттайтын кәсіптік даярлық дәрежесі;

5) Кәсіптік стандарт - формалды және (немесе) формалды емес, және (немесе) информалды білім беру ескеріле отырып, білімге, машыққа, дағдыға, жұмыс тәжірибесіне, біліктілік деңгейі мен құзыреттілікке, кәсіптік қызметтің нақты бір саласындағы еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін жазбаша ресми құжат;

6) Купаждау - жартылай өнімді алу үшін рецептурада көзделген шикізат пен ингредиенттерді араластырудың технологиялық операциясы;

7) Машық - кәсіптік міндет шеңберінде жекелеген бірлі-жарым іс-әрекетті физикалық тұрғыдан және (немесе) ақыл-оймен орындау қабілеті;

8) Құзырет - еңбек функциясын құрайтын бір немесе бірнеше кәсіптік міндетті орындауға мүмкіндік беретін дағдыны қолдану қабілеті;

9) Кәсіп - жеке адам жүзеге асыратын және орындалуы үшін белгілі бір біліктілікті талап ететін қызмет түрі;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами