Введите номер документа
Прайс-лист

«Бөтелкедегі ауыз су өндірісі» кәсіптік стандарты (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 477 бұйрығына 3-қосымша)

Информация о документе
Датапятница, 19 декабря 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 24 декабря 2025
Дата последнего измененияпятница, 19 декабря 2025

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2025 жылғы 19 желтоқсандағы

 № 477 бұйрығына

3-қосымша

 

 

«Бөтелкедегі ауыз су өндірісі» кәсіптік стандарты

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Кәсіптік стандарттың қолдану аясы: «Бөтелкедегі ауыз суды өндіру» кәсіптік стандарты «Кәсіби біліктіліктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген және ауыз суды өндіру, оны тазалау, сүзу, орау, сақтау және тарату саласында өндірістік үдерісті тиімді ұйымдастыру үшін қажетті қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кәсіби құзыреттерді реттейді. Стандарт осы салада жұмыс істейтін барлық мамандарға, сондай-ақ ішуге арналған бөтелкедегі суды өндірумен және сатумен айналысатын кәсіпорындарға қолданылады.

2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) Ауыз су - бұл адам мен басқа тіршілік иелерінің күнделікті шектеусіз және қауіпсіз тұтынуына арналған су;

2) Білім - кәсіби тапсырманы орындау аясында әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті меңгерілген және игерілген ақпарат;

3) Бөтелкедегі су - бұл әртүрлі сауда-саттыққа арналған шыны немесе пластикалық бөтелкелерге құйылған су болып табылатын тамақ өнімі. Ыдыстың көлемі 0,33 литрлік бөтелкелерден кулерлерге арналған 19 литрлік бөтелкелерге дейін болады;

4) Дағды - кәсіби тапсырманы толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті;

5) Кәсіби біліктілік - мамандық бойынша еңбек функцияларын орындау үшін қажетті құзыреттерді меңгеруді сипаттайтын кәсіби даярлық дәрежесі;

6) Кәсіби стандарт - белгілі бір кәсіби қызмет саласында білімге, дағдыға, машыққа, еңбек өтіліне қойылатын жалпы талаптарды, сондай-ақ формалды және (немесе) формалды емес және (немесе) бейресми білімді, біліктілік пен құзыреттілік деңгейін, еңбек мазмұнын, сапасы мен жағдайларын айқындайтын жазбаша ресми құжат;

7) Кулер (аппарат) - ауыз суды құюға, мөлшерлеуге арналған құрылғы;

8) Машық - кәсіби тапсырма аясында жеке-дара іс-қимылды физикалық тұрғыдан және (немесе) ақылмен орындауға мүмкіндік беретін қабілет;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами