Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерді және олардың орынбасарларын айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Вице-министрінің - Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығы
Осы редакция 2021 жылғы 17 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 37-бабына және «Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерді айқындаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 903 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің (бұдан әрі - Департамент) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері және олардың орынбасарлары айқындалсын.
2. Департаменттердің аудандық және қалалық басқармаларының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерін және олардың орынбасарларын айқындау Департаменттердің басшыларына жүктелсін.
3. «Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (көліктегі) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық- эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының 2020 жылғы 18 қарашадағы № 5-НҚ бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негіз: «Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерді айқындаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Цойдың 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 903 бұйрығы.
| Вице-министр- Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер | Е. Қиясов |
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау Вице-министрінің -
Қазақстан Республикасы
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2021 жылғы 6 қаңтардағы