Тасымалдаушылардың әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты залалын бюджет қаражаты есебінен субсидиялаудың үлгілік шартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 20 мамырдағы № 158 бұйрығы
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 23-22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған тасымалдаушылардың әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты залалын бюджет қаражаты есебінен субсидиялаудың үлгілік шарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Көлік министрі | М. Карабаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының
Көлік министрінің
2025 жылғы 20 мамырдағы
№ 158 бұйрығымен бекітілген
Тасымалдаушылардың әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын
жүзеге асыруға байланысты залалын бюджет қаражаты есебінен субсидиялаудың
үлгілік шарты
| | | | 20__ жылғы «____» __________ |
____________________________________________________________________,
(жергілікті атқарушы органның атауы)
____________________________________________________________________
бұдан әрі Ұйымдастырушы деп аталатын ________________________________
____________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
бір Тараптан, ________________________________________________________,
(тасымалдаушының атауы)
бұдан әрі Тасымалдаушы деп аталатын __________________________________