Введите номер документа
Прайс-лист

«Республикалық бюджет комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 179 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 31 марта 2022
Статус
Утратил силу
утратил силу с 7 июня 2025

«Республикалық бюджет комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 179 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 7 маусымдағы № 415 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Республикалық бюджет комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережеде:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (бұдан әрі - Бюджет кодексі), Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже Комиссия қызметінің құқықтық негізін құрайды.»;

4-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«2) мемлекеттік органдардың даму жоспарларының басым мақсаттары және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының бағыттары бойынша ұсыныстар тұжырымдау;

3) мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобалары немесе даму жоспарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобалары және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері бойынша ұсыныстар тұжырымдау;»;

5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Комиссияның жұмыс органы дайындаған материалдарды қарайды және:

республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы;

республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, оның ішінде бюджеттік өтінімді жасау кезінде шығыстардың түрлері бойынша есеп айырысулар ұсынылмайтын орталық мемлекеттік органдардың базалық шығыстарының тізбесі;

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы;

бюджеттік мониторинг нәтижелері мен жүргізілген бағалау нәтижелері;

орталық мемлекеттік органдардың заттай нормаларды бекіту, өзгерту және (немесе) толықтыру туралы ұсыныстары;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом