Введите номер документа
Прайс-лист

«Республикалық бюджет комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 7 маусымдағы № 415 Қаулысы

Информация о документе
Датасуббота, 7 июня 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 7 июня 2025
Дата последнего изменениясуббота, 7 июня 2025

Республикалық бюджет комиссиясы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 7 маусымдағы № 415 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 9-бабының 5-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 5-бабы 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Республикалық бюджет комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) Комиссия туралы ереже;

2) Комиссияның құзыреті;

3) Комиссияның құрамы бекітілсін.

3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі

 

О. Бектенов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2025 жылғы 7 маусымдағы

№ 415 қаулысымен

бекітілген

 

 

Республикалық бюджет комиссиясы туралы

 ереже

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Республикалық бюджет комиссиясы туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Республикалық бюджет комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) қызметін реттейді.

2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (бұдан әрі - Бюджет кодексі), Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже және құзырет Комиссия қызметінің құқықтық негізін құрайды.

3. Комиссияның жұмыс органы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган болып табылады.

4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру тәртібін жұмыс органы әзірлейді және айқындайды.

5. Комиссия өз қызметін бетпе-бет және сырттай форматтарда тұрақты негізде жүзеге асырады.

 

 

2-тарау. Комиссия қызметінің мақсаттары

 

6. Комиссия қызметінің негізгі мақсаттары жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет жобасын уақтылы және сапалы әзірлеуді қамтамасыз ету және республикалық бюджетті жоспарлау және атқару жөнінде ұсыныстар тұжырымдау болып табылады.

 

 

3-тарау. Комиссия функциялары

 

7. Комиссия жұмыс органы дайындаған материалдарды қарау және:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом