Мемлекеттік қызметке іріктеудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 15 қаңтардағы № 13 бұйрығы
(2025.18.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы ереженің 15-тармағының 20-1) және 44-9) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізбестен орналасуын келісу қағидалары;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік органдардың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын келісу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметке іріктеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы | Д. Жазықбай |
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі төрағасы
2024 жылғы 15 қаңтардағы
№ 13 бұйрығына
1-қосымша
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізбестен орналасуын келісу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер