Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 2 бұйрығы (2024.09.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Информация о документе
Датачетверг, 24 декабря 2020
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 9 февраля 2024

Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 2 бұйрығы

(2024.09.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022.26.04. № 10 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2024.19.01. № 1 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 9 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 90-6-бабының 39-2) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022.26.04. № 10 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Агенттіктің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасына ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом