Селекциялық жетiстiктердің, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнің, тауар таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу өтінімдеріне сараптама жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1349 бұйрығы
(2022.10.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 31 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңының 3-1-бабының 2-тармағының, 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Патент Заңының 4-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Селекциялық жетістіктердің өтінімдеріне алдын ала сараптама жүргізу қағидалары;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Өнеркәсіптік меншік объектілеріне арналған өтінімдерге сараптама жүргізу қағидалары;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Тауар таңбаларына және тауар шығарылған жерлердің атауларына өтінімдерге сараптама жасау қағидалары;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес Интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу туралы өтінімдерге сараптама жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;