Шегілетін темекі бұйымдары, оның ішінде қыздырылатын темекісі, қорқорға арналған темекісі бар бұйымдар, қорқор қоспасы, темекіні қыздыруға арналған жүйе құрамындағы никотин мен шайырлы заттардың рұқсат етілетін шекті деңгейлерін анықтау туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-277/2020 бұйрығы
(2024.15.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024.28.06. № 38 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024.28.06. № 38 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнің 110-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024.28.06. № 38 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес шегілетін темекі бұйымдарындағы никотин мен шайырлы заттар құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейлері;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қорқорға арналған темекідегі, қорқор қоспасындағы никотин мен шайырлы заттар құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейлері;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қыздырылатын темекісі бар бұйымдардағы, темекіні қыздыруға арналған жүйедегі никотин мен шайырлы заттар құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейлері анықталсын.
2. «Темекі бұйымдарындағы никотин мен шайырлы заттар құрамының шекті рұқсат етілген деңгейлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № 424 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11689 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 03 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.