«Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының Басқарушы комитетінің құрамы мен ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 33-ө Өкімі
(2021.26.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2022 жылғы 23 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-тармағына сәйкес қоса беріліп отырған:
1) «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының Басқарушы комитетінің құрамы;
2) «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының Басқарушы комитеті туралы ереже бекітілсін.
| Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 33-ө өкімімен
бекітілген
«Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қордың
Басқарушы комитеті туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының Басқарушы комитеті туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.
2. «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының Басқарушы комитеті (бұдан әрі - Басқарушы комитет) дербес кластерлік қордың (бұдан әрі - Қор) жоғары басқару органы болып табылады.
3. Басқарушы комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңына, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2. Басқарушы комитеттің құзыреті
ҚР Премьер-Министрінің 2020.25.11. № 147-ө өкімімен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Басқарушы комитеттің ерекше құзыретіне:
1) Қор жарғысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
2) Қордың жылдық және орта мерзімді бюджеттерін бекіту;
3) Қордың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту;
4) Қордың сыртқы аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды айқындау;