Ұлттық пантеон туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 мамырдағы № 307 Қаулысы
(2019.12.06. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 208 Қаулысымен күші жойылды
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық пантеон туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 29 мамырдағы
№ 307 қаулысымен
бекітілген
Ұлттық пантеон туралы
ереже
1. Осы Ұлттық пантеон туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Ұлттық пантеон (бұдан әрі - Пантеон) - мемлекеттің, ғылымның, мәдениеттің аса көрнекті қайраткерлерінің, сондай-ақ Қазақстанның дамуына үлес қосқан тұлғалардың есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында негізі қаланған, мемориалдық маңызы бар сәулет объектісі болып табылатын қайтыс (қаза) болған тұлғаларды жерлеуге арналған орын.
ҚР Үкіметінің 2019.12.06. № 396 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Пантеон астананың жергілікті атқарушы органының қарамағында Нұр-Сұлтан қаласының аумағында орналасқан.
4. Пантеон аумағында:
1) мемориалдық ғимарат;
2) «Естелік қабырғасы» монументі бар естелік музейі (XХ-XXІ ғасырлар);
3) әкімшілік, шаруашылық және қосалқы ғимараттар;
4) құлпытастар;
5) саябақ және іргелес аймақтар қамтылады.
ҚР Үкіметінің 2018.26.10. № 690 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Пантеон аумағында жерлеуге қайтыс (қаза) болған мынадай тұлғалар жатады: