Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бірлескен бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 15-02/762 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 697 бірлескен бұйрығы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бірлескен бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастырылуын;
2) күнтізбелік бес күн ішінде осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі | А. Мамытбеков |
| Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі | Е. Досаев |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасы
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің төрағасы
С. Айтпаева
2015 жылғы _____ _________
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 24 тамыздағы
№ 15-02/762 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 16 қарашадағы
№ 697 бірлескен бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір күші
жойылды деп танылған бірлескен бұйрықтарының
тізбесі