Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мемлекеттік мекемелері әуежай қызметі саласында көрсететін ақылы қызметтерге тарифтік сметаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 639 бұйрығы

Информация о документе
Датапятница, 30 мая 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 27 июня 2025
Дата последнего измененияпятница, 30 мая 2025

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мемлекеттік мекемелері әуежай қызметі саласында көрсететін ақылы қызметтерге тарифтік сметаны бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 639 бұйрығы

 

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 10-тармағына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 14 қарашадағы № 1319 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35387 болып тіркелген) бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мемлекеттік мекемелері әуежай қызметі саласында көрсететін ақылы қызметтерге тарифтік смета бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом