Жарнама туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 508-ІІ Заңы
(2018.28.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2019 жылғы 8 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Заңның мақсаттары
2-бап. Заңның қолданылу аясы
3-бап. Негiзгi ұғымдар
4-бап. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдары
5-бап. Жарнамаға авторлық құқық және сабақтас құқықтар
2-тарау. Жарнамаға қойылатын жалпы және арнайы талаптар
6-бап. Жарнамаға қойылатын жалпы талаптар
7-бап. Жөнсiз жарнама түрлерi
8-бап. Теле-, радиоарналардағы жарнама
9-бап. Мерзiмдi баспасөз басылымдарындағы жарнама
10-бап. Кино, бейне және анықтамалық қызмет көрсетудегi жарнама
11-бап. Сыртқы (көрнекi) жарнама
12-бап. Көлiк құралдарындағы жарнама
13-бап. Жекелеген өнiм түрлерiн жарнамалау ерекшелiктерi
14-бап. Қаржы, сақтандыру, инвестициялық қызметтердi және бағалы қағаздарды жарнамалау ерекшелiктерi
15-бап. Жарнама жасау, тарату, орналастыру кезiнде кәмелетке толмағандарды қорғау
16-бап. Жарнамасы бар материалдарды сақтау мерзiмдерi
3-тарау. Жарнама саласындағы мемлекеттік реттеу
17-бап. Жарнама саласындағы мемлекеттiк реттеу
17-1-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті
17-2-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
18-бап. Жарнамалық ақпарат беру
19-бап. Терiске шығару
20-бап. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
21-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жарнама жасау, тарату, орналастыру және пайдалану процесiнде туындайтын қатынастарды реттейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Заңның мақсаттары
Осы Заңның мақсаттары жарнаманы жасау, тарату, орналастыру және пайдалану үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету, жарнама саласындағы жосықсыз бәсекеден қорғау, жөнсiз жарнаманы болғызбау және оларға тыйым салу болып табылады.
2-бап. Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жарнама жасайтын, тарататын, орналастыратын және пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметi процесiнде туындайтын қатынастарға қолданылады.