2024 - 2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы
Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № С-8/4 шешімі
(2024.29.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 6 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Біржан сал ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 2024.29.03. № С-12/2 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. 2024 - 2026 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 3 606 842,4 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 1 469 338,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 70 010,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 9 500,0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 2 057 994,4 мың теңге;
2) шығындар - 3 867 548,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - - 2 185,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 7 321,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 9 506,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 258 521,2 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 258 521,2 мың теңге.
2. Келесі көздердің есебінен аудандық бюджеттің кірістері бекітілсін:
1) салықтық түсімдерден, оның ішінде:
корпоративтік табыс салығы;
жеке табыс салығы;
әлеуметтік салық;
мүлікке салынатын салықтар;
жер салығы;
көлік құралдарына салынатын салық;
бірыңғай жер салығы;
акциздер;
табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер;
кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдар;
мемлекеттік баж.
2) салықтық емес түсімдерден, оның ішінде:
мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер;
мемлекеттік меншігінде мүлікті жалға беруден түсетін кірістер;
мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;