Осы редакция 2018 жылғы 5 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрінің 2017.27.09. № 582 бұйрығымен 9-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 19 қаңтардағы
№ 56 бұйрығына
9-қосымша
Мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің
қызметтік куәлігінің сипаттамасы, сондай-ақ оларды беру
қағидалары
(2017.27.09. берілген өзгерістермен)
1 Тарау. Жалпы ереже
1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы, сондай-ақ оларды беру қағидалары «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 20-бабына сәйкес әзірленді.
2. Экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің қызметтік куәлігі оның атыс қаруын, арнайы құралдарын тасуға және сақтауға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерге ұсынылған өзге өкілеттіктерге құқығы барын растайды.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі - Комитет) төрағасы, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің басшылары (бұдан әрі - уәкілетті басшы) қол қойған қызметтік куәлік мемлекеттік кірістер органдарының барлық әкімшілік ғимаратына кіруге рұқсат береді.
Тиісті түрде ресімделмеген, түзетілген және тазартылған қызметтік куәлік жарамсыз болып есептеледі.
2-тарау. Мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу
қызметі қызметкерлерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік кірістер органдары экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері пластикалық куәліктер жиектерінен 3 миллиметр радиуспен жұмырланған 70 миллиметр*100 миллиметр мөлшерінде ақ глянцті пластиктен жасалады.
5. Куәлік пластик материалдан жасалған және екі беттен: негізгі мен қосымша парақтан тұрады.