Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің м.а. 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығы
(2020.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 22 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 116 бабы 4 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрінің 2015.20.11. № 578 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2017.27.03. № 187 бұйрығымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Осы бұйрықтың 1-129-қосымшаларына сәйкес Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Министрдің міндетін атқарушы | Б. Шолпанқұлов |
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2020.01.07. № 647 бұйрығымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушының
2011 жылғы 2 тамыздағығы
№ 390 бұйрығына
1-қосымша
№ НҚ-1 нысаны
______________________________________________________________
Мемлекеттік мекеменің атауы (орталықтандырылған бухгалтерия)
| Бекітемін: Тапсырушы тараптың мемлекеттік мекеменің басшысы _____________________ қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________ жылы «____» __________ Мөр орны | Бекітемін: Қабылдаушы тараптың мемлекеттік мекеменің басшысы _____________________ қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________ жылы «____» __________ Мөр орны |
Негізгі құралдар және аяқталмаған құрылыс пен инвестициялық жылыжымайтын мүлікті қабылдау-тапсыру (өткізу) актісі
| Құжаттың нөмірі | Жасалған күні | Тапсырушы ұйым (мемлекеттік мекеме) | Алушы ұйым (мемлекеттік мекеме) |
| 1 | 2 | 3 | 4 |