Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде пилотсыз көлік құралдарының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылы 10 қарашадағы № 323 бұйрығы
«Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде пилотсыз көлік құралдарының жұмысын ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы | М. Калиакпаров |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін
атқарушы
2026 жылғы 10 қарашадағы
№ 323 бұйрықпен бекітілген
Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде пилотсыз
көлік құралдарының жұмысын ұйымдастыру
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер