«Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 438 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу № 10335 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі | Е. Тургумбаев |
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 438 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 19 қаңтардағы
№ 34 бұйрығымен бекітілді
Су айдындарындағы қауіпсіздік
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер