Мемлекеттік кірістер органының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен осындай міндет жүктелген адамдар тапсыру күні мен мемлекеттік кірістер органының кодын көрсете отырып, тапсырған кірістер мен мүлік туралы декларациялар туралы мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 220 бұйрығы
(2022.28.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2019.03.06. № 532 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы министрінің м.а. 2022.28.07. № 764 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2022.28.07. № 764 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 30-бабы 3-тармағының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2019.03.06. № 532 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы министрінің м.а. 2022.28.07. № 764 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен осындай міндет жүктелген адамдар тапсыру күні мен мемлекеттік кірістер органының кодын көрсете отырып, тапсырған кірістер мен мүлік туралы декларациялар туралы мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;