Қонаев қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы
Алматы облысы Қонаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 17-51 шешімі
Осы редакция 2024 жылғы 23 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қонаев қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қонаев қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1)кірістер 24 002 955 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 18 464 396 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 121 358 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 956 132 мың теңге;
трансферттер түсімі 4 461 069 мың теңге;
2)шығындар 23 175 424 мың теңге;
3)таза бюджеттік кредиттеу 94 709 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 103 376 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 8 667 мың теңге;
4)қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
5)бюджет тапшылығы (профициті) 732 822 мың теңге;
6)бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) (-) 732 822 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі 103 376 мың теңге;
қарыздарды өтеу 836 198 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 0 теңге.
2. Қонаев қаласы әкімдігінің 2024 жылға арналған резерві 154 205 мың теңге сомасында бекітілсін.
3. 2024 жылға арналған қала бюджетінде ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін, оның ішінде:
елді мекендерді көркейтуге, көшелерді жарықтандыруға, жолдарды жөндеуге;
ауылдық округ әкімдері аппараттарының қызметтерін қамтамасыз етуге.
Көрсетілген трансферттерді ауылдық округтердің бюджеттеріне бөлу Қонаев қаласы әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.