«Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жедел резервінің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу, олардың орнын ауыстыру, пайдалану, толықтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 225 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы № 18 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жедел резервінің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу, олардың орнын ауыстыру, пайдалану, толықтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 225 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9508 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 4 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Аталған бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жедел резервінің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу, олардың орнын ауыстыру, пайдалану, толықтыру қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) жедел резервтің үйлестірушісі - жедел резервтің материалдық құндылықтарымен операция жүргізуге бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Уәкілетті орган жедел резервінің мақсаты»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Уәкілетті органның негізгі міндеттері мен функциялары»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің міндеті (бұдан әрі - Министрлік) жедел резервті құру және оны қолдану болып табылады.»;