Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жедел резервінің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу, олардың орнын ауыстыру, пайдалану, толықтыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағыі № 225 бұйрығы
(2025.20.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2021.20.01. № 18 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2025.22.08. № 350 бұйрығымен (2025 ж. 20 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жедел резервінің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу, олардың орнын ауыстыру, пайдалану, толықтыру қағидалары бекітілсін.
ҚР Ішкі істер министрінің 2015.25.02. № 154 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жариялауды қамтамасыз етсін.
ҚР Ішкі істер министрінің 2015.25.02. № 154 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасына (В.В. Петров) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2024.05.02. № 38 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (2024 ж. 20 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2014 жылғы 16 мамырдағы
№ 225 бұйрығымен
бекітілген