Осы редакция 2019 жылғы 28 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019.10.04. № ҚР ДСМ-22 бұйрығымен 4 - 8-қосымшалары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2018 жылғы 5 қыркүйектегі
№ ҚР ДСМ-10 бұйрығына
4-қосымша
Ақы төлеу стационарлық көмек нысанында мамандандырылған медициналық көмек көрсететін республикалық медициналық ұйымдарға орташа есептік құны бойынша бір емделіп шығу жағдайы үшін жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге
тарифтер
| № р/с | Медициналық ұйым атауы | Тариф (теңге) |
| 1 | Алматы қаласындағы «Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын | 126 923 |
| 2 | Астана қаласындағы «Отан соғысы мүгедектеріне арналған Орталық клиникалық госпиталь» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын | 212 094 |
| 3 | «Бурабай» республикалық оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын: Бір ересек науқастың емделіп шығу жағдайы үшін тариф Бір баланың емделіп шығу жағдайы үшін тариф (18 жасқа дейін) | 141 123 457 909 |
| 4 | «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын Бір емделіп шығу жағдайы үшін тариф Бір алып жүруші адамға (бір жасқа дейінгі баланы емізетін анасы) арналған тариф Бір алып жүруші адамға (анасы (әкесі) немесе үш жасқа дейінгі баланы күтуді, сондай-ақ дәрігердің қорытындысы бойынша қосымша күтімді қажет ететін ересек науқас баланы күтуді тікелей жүзеге асыратын өзге адам) арналған тариф | 316 933 29 733 13 934 |
| 5 | »Алатау» балалар клиникалық санаторийі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын | 121 440 |